Прагада өтетін әйелдер турнирінің ұйымдастырушылары жарысқа қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қатысушылардың қатарында қазақстандық Елена Рыбакина да бар. Турнир 10-16 тамыз аралығында өтеді.

Турнирде сонымен қатар: Симона Халеп, Белинда Бенчич, Петра Мартич, Маркета Вондроушова, Мария Саккари, Анетт Контавейт, Элизе Мертенс, Донна Векич, Даяна Ястремская, Каролина Мухова, Екатерина Александрова, Анастасия Павлюченкова және Вероника Кудерметова қатысады.

Айта кетейік, турнир бастапқыда сәуір айының соңына жоспарланған болатын. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды. Байқаудың жүлде қоры 225 000 долларды құрайды.