Павлодарда «Жұмыс қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Орталық стадионға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашевтің айтуынша, қаладағы бас спорт аренасындағы жаңа футбол алаңы дайын. Жеңіл атлетикалық жүгіру жолдағы жөндеу жұмысы аяқталуға жақын.

Құны 138 млн теңгелік жарыс жолын ауыстырудың арқасында Павлодарда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатын өткізу мүмкін болды. Сонымен бірге, мұнда спортпен айналысамын деушілердің бәріне есік ашылады.

Жасанды көгал соңғы рет 2014 жылы ауыстырылған болатын. Жаңа алаңда қаланың жас футболшылары жаттығуларын жалғастыра алады. Алаң өлшемі 105х68 метр. Жоба құны 168 млн теңге.