Өскемендік «Алтай» хоккей клубы ЖХЛ-дің жаңа маусымына қатыспайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы аталған Лиганың ресми сайтында хабарланды.

ҚХЛ-дің астар хоккейін дамыту жөніндегі вице-президенті Александр Гуськовтің айтуынша, «Алтайдан» бөлек қытайлық «ОЭРДЖИ Юниор» клубы да алдағы маусымға қатыспайды. Бірақ лигаға қосылған жаңа қатысушы бар. Ол - «Академия Михайлов» жастар хоккей клубы.

Айта кетейік, бұған дейін Гуськов астаналық «Снежные барсы» клубының жаңа маусымға қатысатынын мәлімдеген болатын.