ФИФА төрешісі Виктор Кашшай болашақта бас төрешілердің VAR арқылы көмекшілерімен сөйлескені көрерменге қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Болашақта бұл жаңашылдық шынымен пайда болуы мүмкін және осы арқылы біздің жұмысымыз да ашық бола түспек. VAR өте жас технология екенін еске саламын. Төрешілердің жұмысы жетілдіре түсу керек. Біз бәрін IFAB және FIFA-мен талқылауымыз керек», - деді Кашшай.

Еске сала кетейік, Кашшай 2020 жылдың басынан бері Ресей футбол одағы Төрешілер департаментінің басшысы қызметін атқарады.