Беделді WhoScored порталы статистикалық мәліметтерді ескере отырып, «Алтын допқа» лайық ойыншылардың рейтингін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, WhScored нұсқасы бойынша аталған марапатты бұл маусымда «Барселона» капитаны Лионель Месси (8.68) алуға тиіс болған.

Аргентиналықтан кейін Роберт Левандовски (8.3) және Килиан Мбаппе (8) тұр. Кевин Де Брюйне (7,87) мен Криштиану Роналду (7,76) үздік бестікті қорытындылайды.

Еске сала кетейік, France Football биыл басты жеке футбол марапатын ешкімге ұсынбауға шешім қабылдады.