А сериясының 35-турында «Ювентус» «Удинезеге» есе жіберді. Кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаздар сапынан Илия Несторовский мен Секо Фофана гол соқты, туриндіктердің жалғыз голы Маттиас Де Лигттың еншісінде.

Маурисио Сарри командасы осы турда жеңіске жетсе, қатарынан 9-шы рет Италия чемпионы атанатын мүмкіндікке ие болар еді. Енді, маусым аяқталғанға дейін үш тур қалғанда, «Ювентус» екінші орында тұрған Аталантаннан 6 ұпай, үшінші орын алған «Интерден» 7 ұпай алда келеді.

«Удинезе» жеңістің арқасында «Торинодан» озып, Италия чемпионаты кестесінде 15-орынға көтерілді.