«Зениттің» шабуылшысы Сердар Азмун РПЛ-дің 2019/20 маусымдағы үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 жастағы ирандық чемпионатта 17 гол соқты.

Айта кетейік, «Зениттің» тағы бір шабуылшысы Артем Дзюбаның өз есебінде 17 бар. Алайда ресейлік голдарының 7-ін пенальтиден соқты, ал Азмун тек 1 рет пенальти орындаған. Шабуылшылар жарысында үшінші орын 15 гол соққан тулалық «Арсенал» шабуылшысы Евгений Луценкоға бұйырды.

Айта кету керек, осы маусымда үш форвард та РПЛ-да 28 матч өткізген.