Бұған дейін америкалық БАҚ-та Сергей Деревянченконың Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге келіскені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді танымал инсайдер Майк Коппинджер тараптардың келісімге келгендігін растап отыр. Жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтеді.

Бәске Чарлоға тиесілі WBC белбеуі тігіледі.

Бұған дейін Деревянченко Сауль Альвареспен жекпе-жектен үміткер ретінде аталған болатын.