Франция құрамасы мен ПСЖ-ның бұрынғы бас бапкері Лоран Блан «Барселонаны» тізгіндеуі мүмкін.

L’Equipe басылымының мәліметінше, Лоран Бланды командаға шақыруға «Барселонаның» спорт директоры Эрик Абидаль түрті болған.

Айта кету керек, Блан 1996 жылдан 1997 жылға дейін «Блаугранада» ойнаған. Алайда ол 2016 жылы ПСЖ-дан кеткеннен бері жұмыссыз жүр.