Counter Strike: Global Offensive киберойынынан бразилиялық BOOM Esports командасы 13 жастағы геймер Жаоа Snowzin Винисиуспен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Оның алғашқы турнирі 20 шілде мен 2 тамыз арасында өтетін Gamers Club Masters V болады. Жарыстың жүлдеқоры - 11,5 мың доллар.

13 жастағы ойыншының жалақысы туралы хабарланбады.

Бірақ Винисиус жасына байланысты көптеген ірі турнирге қатыса алмайды. Оның командада қалар-қалмасы алдағы турнирден кейін белгілі болады.