Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов күзде октагонға оралуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

– Жұмысты бастадық. Мықты болып ораламыз! Саят, бауырым, қыркүйек/қазан айында кез келгенімен жұдырықтасуға дайынмын, - деп жазды спортшы Twitter-парақшасында.

Еске сала кетейік, Жұмағұлов Абу-Дабидегі Яс аралында өткен UFC 251 турниріндегі дебютті жекпе-жегінде төрешілердің өте даулы шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңіліс тапты.