Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингтегі алғашқы қарсыласының есімі білді.

Азия чемпионы 26 шілде күні Минскте өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы грузиялық Зура Мекерешвили (11-23-1, 7 КО) болмақ. Жекпе-жек алты раундта жоспарланған.

Аталмыш кеште қазақстандық боксшылар, Нұрсұлтан Жаңабаев, Айдос Ербосынұлы, Фируза Шарипова Жан Кособуцкий, Нұрсұлтан Аманжолов, Бек Нұрмағамбет және Евгений Павлов шығады деп күтілуде.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет биыл, 22 жасында әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысуды шешкен.