Боливия футбол федерациясының президенті Сесар Луис Салинас 19 шілдеде коронавирустың асқынуына байланысты қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

9 шілдеде Салинас Боливия астанасы Ла-Пастағы ауруханаға жеткізілді. Оның тұмауы асқынған, екі күннен кейін коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Кейін оның жағдайы нашарап, жасанды тыныс алу апаратына қосылған.