«PROСПОРТ» бокстан Тараз қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші күн нәтижесін ұсынады.
 
9 келіде астаналық Азат Қамзин мен Алматы облысынан барған Мардан Берікбаев, ақтөбелік Хамза Наметов пен Жамбыл облысының атынан шыққан Шерхан Сүгірбеков үздік сегіздіктен табылды.
 
56 келіге дейінге салмақта Жанболат Тілегенұлының шоқтығы биік. Қостанайлық боксшымен ширек финалға берілетін жолдаманы сарапқа қалған Жанболат қарсыласынан басым түсті.  Жанболат Тілегенұлы,боксшы: - Бірінші раундта қиналдым. Жалпы, жарысты қиын бастаймын. Кейіннен өз әдісіме салдым. Үшінші раундта жақсы ашылып, жеңіске жеттім.
 
24.kz сайтының ақпараты бойынша