Ағылшын премьер-лигасының 37-туры аясында «Тоттенхэм» «Лестер» қақпасына жауапсыз үш доп соқты.

Лондондық команда алғашқы 40 минутта жеңісті қамтамасыз етті. Харри Кейн екі мәрте қарсылас қақпасын нәтижелі көздесе, қонақтар ойыншысы Джастин автогол авторы атанды. Екінші тайм голсыз аяқталды.

«Тоттенхэм» осы жеңістен кейін 58 ұпай жинап, 6-орынға көтерілді. «Лестер» болса Чемпиондар лигасына жолдама беретін орыннан тур қорытындысы бойынша түсіп қалуы мүмкін. Брендан Роджерс командасы бесінші орындағы «Манчестер Юнайтедтен» қосымша көрсеткіштер бойынша жоғары тұрғанымен, манчестерліктер 37-турдағы ойынын әлі өткізген жоқ.