Trek-Segafredo командасының австралиялық велошабандозы Уильям Кларк «Тур де Франс» виртуалды жарысының ақтық кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орында итальяндық Филиппо Ганна (Инеос), үшінші орынды NTT Pro Cycling командасындағы Райан Гиббонс иеленді.

Айта кетейік, қазақстандық Astana Pro Team командасы интернеттегі проблемаларға байланысты виртуалды жарысты жалғастырудан бас тартуға мәжбүр болды.

Виртуалды «Тур де Франс». 6-кезең:

1. Уильям Кларк (Trek-Segafredo) - 51:44

2. Филиппо Ганна (Ineos) - +0

3. Райан Гиббонс (NTT Pro Cycling) - +0

Командалық есеп:

1. NTT Pro Cycling - 500

2. Rally Cycling - 267

3. Trek-Segafredo - 232