Сербия президенті Александр Вучич баскетболдан жаттықтырушы ретінде білім алуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.

«Мен өмірімде тағы бір мәрте студент атандым, бұл жолы Жоғары спорт мектебіне оқуға кірдім. Мен балалар мен жасөспірімдердің баскетбол жаттықтырушысы боламын. Мен көптеген жылдардан кейін балалық арманымды орындай бастағаныма өте қуаныштымын», - деп жазды Вучич.

Айта кетейік, Вучич «Црвена Звезда» клубының жанкүйері.