Қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі саналатын APB турнирі барысында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Турнир Ресейдің Новосибирск қаласында өтті. Сүлейменов үшінші раундта алжирлік Мохаммед Флиссиді техникалық нокаутқа жіберді.

Естеріңізге сала кетсек, осы сайыстың алғашқы кездесуінде қазақстандық боксшы өзбекстандық Ясурбек Латиповты ұтқан болатын.