Ресейлік шабуылшы Андрей Лагунов «Дизель» хоккей клубына ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Бірақ ойыншымен қанша уақытқа келісімшарт жасалғанын жариялаған жоқ.

Айта кетейік, ойыншы бұған дейін «Торпедо» хоккей клубының жүйесінде өнер көрсетті. Өткен маусымда өскемендік «Алтай» сапында ЖХЛ-да 63 матчқа қатысып, 35 (11+24) ұпай жинаған.