26 және 30 шілдеде Беларусь астанасы - Минскіде кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec хабарлағандай, 26-да шараға бірден Қазақстанның бес өкілі қатысады. Жекпе-жегін жариялаған Нұрсұлтан Жаңабаев пен Айдос Ербосынұлынан бөлек, рингке Нұрсұлтан Аманжолов, Бек Нұрмағамбет және Евгений Павлов шығады. Соңғы екеуі кәсіпқой боксқа тұңғыш рет шыққалы отыр. Қарсыластары белгісіз.

Universum boxpromotion ауыр салмақтағы Жан Кособуцкидің Минскіде 30 шілде күні жұдырықтасатынын айтты. Қарсыласының кім екені әлі жарияланған жоқ.