Шілденің 17-нен 18-не қараған түні UFC on ESPN+ 30 шоуына қатысушылар салмақ өлшеу рәсімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іс-шараның басты оқиғасы Джозеф Бенавидес пен Дэвисон Фигередо арасындағы бос тұрған белбеуге талас болмақ.

Жекпе-жек андеркардында мына файтерлер кездеседі: Калвин Гастелум - Джек Херманссон, Рафаэль Физиев және Марк Диакиси, Асқар Асқаров - Александр Пантоя, Хадис Ибрагимов және Роман Долидзе, Арман Царукян және Дэви Рамос.