Латвия чемпионатының жоғарғы дивизионында 8-тур матчтары өтіп жатыр.

«Валмиера» сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Самат Сәрсенов бұл турда «Даугавпилске» қарсы матчта мергендігінімен көзге түсті.

Қазақстандық футболшы 53-минутта гол соқты. Кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Самат Сәрсенов Латвия лигасындағы алғашқы голын екі апта бұрын «Спартак Юрмалаға» қарсы ойында соқты (2:2).

Айта кетейік, Сәрсенов латвиялық клубқа ақпан айында «Қайраттан» ауысып барған еді.