Жас қорғаушы Илья Рыжий атыраулық «Бейбарыс» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі, 21 жастағы спортшы осыған дейін «Алтай-Торпедо» құрамында ойнап, 35 ойынға қатысып, 6 (0+6) ұпай иеленген.

Айта кетейік, Илья Рыжий Қазақстан жасөспірімдер және жастар хоккей құрамалары сапында да өнер көрсеткен.