Ресейлік шабуылшы Денис Куянов «Алтай-Торпедо» хоккей клубынан кетті, деп жазады Prosports.kz.

Ол енді «Ростов» сапында қаралымнан өтеді.

Омбы хоккей мектебінің 21 жастағы түлегі өткен маусымда Қазақстан чемпионатында 57 матчқа қатысып, 24 (14+10) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде 5 ойынында 7 (3+4) ұпай жинады.