«Манчестер Сити» «Борнмуттты» қабылдап, жеңіске жетті (2: 1), деп хабарлайды Prosports.kz.

Opta Sports хабарлағандай, бұл «қалалықтардың» бас бапкері Хосеп Гвардиоланың Премьер-Лиганың алғашқы 150 ойынындағы 111-жеңісі. Осылайша, Гвардиола премьер-лигадағы 150 матчтағы ең көп жеңіс рекордын орнатты.

Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында - Жозе Моуриньо (105 жеңіс), үшінші - Юрген Клопп (92). Үздік 5-ке Алекс Фергюсон (90) және Кенни Далглиш (85) енген.