Шабуылшы Данияр Ғабдуллин «Ертіске» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz павлодарлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 жастағы астаналық хоккейші өткен маусымды «Бейбарыс» командасынан бастаған, ол 11 ойын өткізіп, ұпай жинаған жоқ. Содан кейін ол «Астанаға» оралып, 31 матчта 6 (2 + 4) ұпай жинады.