ATP жылдың қорытынды турнирін көрермендердің болатын-болмайтынына қарамастан өткізуді шешті.

– Маусымды қорытындылайтын турнирді Лондонда өткізбекпіз. Жарысты тамашалайтын көрермендердің саны шектеулі болады не мүлдем болмайды.

Телеаудитория мен демеушілердің санының көп болғанына байланысты турнир Лондонда өтеді. Ал келесі жылы Туринде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз, – деді қауымдастықтың өкілі.