Ақпан айында «Манчестер Сити» демеушілік келісімшарттардың құнын жасанды түрде көтермелегені үшін және ойыншылардың имидждік құқықтарын серіктес компанияға бергені үшін Чемпиондар лигасынан екі жылға шеттетіліп, 30 миллион еуро айыппұлға шалынған болатын.

Кеше УЕФА бұл сұрақ бойынша шешім қабылдады. «Ман Сити» Чемпионар лигасынан шеттетілмейді, екі жылдық бан кешірілді. Оның орнына клуб 10 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеп, әрі қарай ешқандай шектеусіз жарысқа қатыса береді.