«Реал Мадрид» футбол клубы жартылай қорғаушы Дани Себальості сатуға дайын, деп жазады Prosports.kz.

23 жастағы испаниялық ойыншы қазіргі таңда «Арсеналға» жалға берілген. Себалбос лондондық клубта тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр. Бірақ мадридтік клубтың бас бапкері Зинедин Зидан Даниді өз командасына қайтарып алуды жоспарлап отырған жоқ.

Себальості сатып алуға басты үміткер - «Арсенал». Бірақ испаниялық «Бетис» футбол клубы да оған қызығушылық танытып отыр.