Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) 2020/2021 жылғы маусымның жарыс кестесін жариялады.

FIS ақпараты бойынша "Тур де Ски" мен әлем чемпионаты ешқандай өзгеріссіз өтеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда көпкүндіктің 1-10 қаңтар аралығында өтетіні белгілі.

Ал әлем біріншілігі Германияның Оберстдорф қаласында өтеді. Дүниежүзілік біріншілік 23 ақпан мен 7 наурыз аралығында өтуі тиіс.