«Монреаль» хоккей клубының үш ойыншысы коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлады. Бірақ аталған ойыншылардың есімдерін жариялаған жоқ.

Бірақ бұл ақпаратты НХЛ де, клубтың өзі де растаған жоқ. Олар ресми түсінік беруден бас тартты.

Айта кетейік, НХЛ маусымы 1 тамызда қайта басталады деп жоспарланып отыр.