Италия чемпионатының 32-турында «Наполи» турнир кестесіндегі көршісі «Миланды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы үш турда көш басында жүрген «Рома», «Лацио» және «Ювентус» миландық клубтан жеңіліп қалған болатын. Ал «Наполиге» қарсы кездесуде «Милан» 2:2 есебімен тең түсті.

Осылайша, «Наполи» алтыншы орында қалды. «Милан» олардан екі ұпайға артта тұр.

32-турдың соңғы матчы 14 шілдеге қараған түні «Интер» - «Торино» матчымен бітеді.

Футболдан Италия чемпионаты. А сериясы. 32-тур«Наполи» (Неаполь) – «Милан» (Милан) 2:2 (1:1)Голдар: 0:1 – Бернар Франсуа (20), 1:1 – Ди Лоренцо (34), 2:1 – Мертенс (60), 2:2 – Кессье (73, пен)Алаңнан қуылды: Салемакерс (87, «Милан»)