13 шілде – Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де бір минут үнсіздік жарияланады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, өткен бейсенбіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қаулыға қол қойған болатын.

Бұл күні еліміздің барлық қаласында мемлекеттік ту түсіріліп, теле және радиоэфирден ойын-сауық бағдарламалар тоқтатылады.

Бүгінде Қазақстанда коронавирустан 375 адам қайтыс болған.