«Барселона» шабуылшысы Антуан Гризман жарақатына байланысты қатардан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Футболшыға оң аяқтың квадрицепс бұлшықетінің зақымдануы диагнозы қойылған. Ойыншының қалпына келу мерзімі жария етілген жоқ. Бәлкім, шабуылшы Испания чемпионатында «Осасуна» (16 шілде) және «Алавес» (19 шілде) кездесулеріне қатыспауы мүмкін.

Осы маусымда 29 жастағы Гризманн «Барселона» сапында барлық турнирде 46 матч өткізіп, 15 гол соқты, одан бөлек төрт рет нәтижлі пас авторы атанды. Оның клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жарамды.