Ресейлік шабуылшы Вадим Митряков мансабын «Ақтөбе» хоккей клубында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

29 жастағы хоккейші соңғы 3,5 жылда атыраулық «Бейбарыс» сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол Қазақстан чемпионатында 57 матчқа қатысып, 42 (11+31) ұпай жинады.

Айта кетейік, 2010 жылдан бастап 2016 жылға дейін новокузнецкілік «Металлург» командасында ойнады. ҚХЛ-да жалпы 155 ойын өткізіп, 30 (12+18) ұпай жинаған.