Испания чемпионатының 35-турында мадридтік "Реал" "Алавесті" қонақ етті, деп жазады Prosports.kz.

Кездесу 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасын аяқталды. Бірінші таймда Карим Бенземе пенальтиді сәтті орындап есеп ашса, екінші таймда Марко Асенсио таблодағы көрсеткішті еселеді.

"Реал Мадрид" көшбасындағы орынын нығайта түсті. Зинедин Зидан командасы "Барселонадан" 4 ұпай озып келеді.