Лозаннадағы спорт арбитраж соты (CAS) «Сантос» пен «Барселона» арасындағы дауға нүкте қойды.

«Сантос» 2013 жылы «Барселонаға» Неймардың трансфері кезінде жіберілген қателіктер үшін каталондық клубтан 61 милион еуро талап еткен.

Сот футболшы мен «Сантос» клубы арасындағы келісімшарттың күші қос тараптың келісімімен тоқтағандықтан «Барселона» ешқандай ережені бұзбады деп шешті.