«Ростов» футболшылары Ресей чемпионатының 27-турында өз алаңында «Уфа» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ростов» командасының сапында Деннис Хаджикадунич мергедік танытса, Даниил Фомин мен Вячеслав Кротов қонақтарға жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, «Ростовтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов негізгі құраммен алаңға шығып, матчтың 76-минутында басқа ойыншымен алмасты.