Қазақстандық боксшы Николай Швабтың (3-0, 2 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін уақыты өзгерді.

BoxRec мәліметінше, отандасымыздың келесі жекпе-жегін 18 шілде күні АҚШ-тың Дайтон-Бич қаласында бразилиялық боксшы Марселло Уильямс (0-4) қарсы өткізуі қажет еді, алайда бокс кеші коронавирус пандемиясының кесірінен кейінге шегерілді.

Айта кетейік, Николай Шваб өзінің соңғы жекпе-жегін 8 ақпанда Дейтона Бичте (Флорида, АҚШ) өткізді. Ол кезде жергілікті боксшы Том Миллсті (1-12, 1 КО) бірінші раундта жеңген болатын.