15 шілдеде Абу-Дабидің (БАӘ) «Сарбаздар аралында» UFC on ESPN 13 турнирі өтеді.

Жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Фрэнки Эдгар мен Педро Муньос арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды.

Айқасқа екі апта қалғанда Муньостың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Нәтижесінде ол турнирге қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта Педроның жағдайы қанағаттанарлық.

Өз кезегінде Фрэнки Эдгар бұл турнирге қатысудан әлі бас тартқан жоқ, UFC басшылығы Муньостың орынына басқа файтерді табуға ниетті. Еске салайық, турнирдің басты оқиғасы - Келвина Каттар мен Дэн Игенің жекпе-жегі.