Қазақстандық шабуылшы Артур Гатиятов «Барыс» хоккей клубымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа келісімшарт екі жылға - 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды.

Гатиятов «Барыс» жүйесінде 2013 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Былтырғы маусымда ол ҚХЛ-да алғашқы матчын өткізді. Ал ЖХЛ аясында 46 матч өткізіп, 13 (2+11) ұпай жинады.