Грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегерлерін дайындаған Боранбек Қоңыратов қазір Алматы облысының жас балуандарын баптайды. Білікті бапкер Жетісу өңірінде 20 шәкіртімен оқу жаттығу жиынын бастады. Дайындық карантин ережелерінің барлық талаптарына сай өтуде, prosport.kz тілшісі.

Жаттығу кезеңі Текелі қаласы маңындағы тауда өтіп жатыр. Бұл аймақ Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан 36 шақырым қашықтықтағы теңіз деңгейінен 1200м биіктікте орналасқан. Балуандардың мұнда келуі де тегін емес.

Боранбек Қоңыратов