Бразилия ұлттық құрамасының және «Реал Мадрид» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Вандерлей Лушембурго коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы маман инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Менің коронавирустық тестім оң нәтиже берді. Карантинде жатырмын, бірақ менде ешқандай ауыру белгілер немесе ауырсыну жоқ. Менде бәрі жақсы, жақын арада жұмысқа ораламын», - деді бразилиялық жаттықтырушы бейнехабарламада.

Айта кетейік, 68 жастағы маман қазіргі уақытта бразилиялық «Палмейрас» клубын жаттықтырып жүр.