Халықаралық конькишілер одағы (ISU) коронавирус пандемиясына байланысты 16-19 қыркүйек күндеріне жоспарланған доданың өтпейтінін мәлімдеді.

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран При бәсекесі енді бес кезеңнен өтеді. Жарыстың өткізілмеуіне Токиодан 30 км қашықтықта орналасқан Иокагамада коронавирус індетінің табылуы себеп болған.