Испания чемпионатының 34-турында «Атлетик Бильбао» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Матчтағы жалғыз голды «Реал» капитаны Серхио Рамос 73-минутта соқты.

Өткен турда да Зинедин Зидан шәкірттері «Хетафемен» болған матчта капитан Рамос пенальтиді сәтті орындағанының арқасында ұтқан еді.

Осы жеңістен кейін «Реал Мадрид» көшбасындағы орның нығайта түсті. «Корольдік клуб» екінші орындағы «Барселонадан» 7ұпайға озып кетті.