Қырғыздың «Каганат» командасының қақпасын қорғаған Азамат Жомартов клубпен қош айтысты.

24 жастағы қақпашы командасымен қош айтысқаны туралы Instagram-парақшасында жазды.

Қазақстандық қақпашы Қырғызстан чемпионатына биыл ғана ауысқан. «Каганат» командасының сапында бір ғана матч өткізіп үлгерді.