Кубалық боксшы Салливан Баррера мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды.

– Қазір 84 келімін. Салмақ оңай ауыстырамын. Мені жекпе-жектің өзі қызықтырады. Бақытты болуым үшін көп қаражат қажет емес. Егер ұсыныс түссе 24 сағатта жауабын беруге дайынмын. Бұл менің өмірімдегі ең басты жекпе-жек болады, - деді Салливан.

Айта кетейік, Сауль Альварестің командасын канадалық Давид Лемьемен жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізіп отыр.