UFC-дің бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедовтың әкесінің қайтыс болуына байланысты оған көңіл айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әкеден, жаттықтырушыдан және адал спорт жанкүйерінен айырылу. Абдулманап Нурмагомедовтың қазасына байланысты қайғыра көңіл айтамын, деп жазды МакГрегор Твиттерде.

Еске салайық, Абдулманап Магомедовичтің қайтыс болғанын кеше Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров мәлімдеді.