Кеше футболдан Испания чемпионатының 34-турының бір матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Атлетико Мадрид» өз алаңында «Мальорканы» қабылдады. Мадридтік команда 3:0 есебімен жеңіске жетті. Альваро Мората дубль авторы атанса, тағы бір допты Коке соқты.