Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы бірқатар көрме турнирлерде өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

3 шілдеде Попко екі кездесу өткізді - біріншісінде жеңілді, екіншісін жеңді.

Күннің алғашқы матчында Дмитрий колумбиялық спортшы Алехандро Гоместен 1:6, 3:6 есебімен жеңілді.

Екінші матчта қазақстандық теннисші корттың иесі Джорди Арконаданы жеңді - 1:6, 6:1, 11:9.